Жол ережесін жиі бұзатындар үшін айыппұл жеңілдіктерін алып тастау ұсынылды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 ақпанда Сенаттағы арнайы алаңда депутат Марат Қожаев кейбір автокөлік жүргізушілерін жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың жартысын төлеу мүмкіндігінен айыруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Марат Қожаевтың айтуынша, бұл ұсыныс жол ережесін жиі және жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты.

"Мен өткен жылы бұл мәселені көтерген едім – ол үкіметте қаралып, қолдау тапты. Мен жүйелі түрде, жыл ішінде 10 реттен көп жол ережесін бұзатын жүргізушілерді жеңілдіктен айыруды ұсынамын. Яғни 11-ші, 12-ші немесе 13-ші рет бұзған жағдайда толық сомасын төлеуі тиіс. Біз заңдарды пакеттер бойынша қабылдаймыз, ал Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне келесі өзгерістер енгізілгенде мен осы түзетулерді  көтеремін", – деді сенатор.

Бұған дейін депутат өз сұранысында бір жүргізушінің жыл ішінде 143 рет жол ережесін бұзып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлегенін мысал ретінде келтірген болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін