Атырауда есірткіге қарсы кеңес отырысы өтті

Фото: Zakon.kz
Атырауда есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға полиция департаментінің басшылары, кеңес мүшелері мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кеңесте жастар арасындағы есірткіге қатысты жаңа қауіптер, әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралу мәселесі талқыланды. Полиция қызметкерлері алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Жастарды қорғау, олардың заңсыз әрекеттерге тартылуына жол бермеу – баршамызға ортақ міндет", – деді Департаменттің бірінші орынбасары Құттыбай Садықов

Кеңес мүшелері 2025 жылы шамамен 60 іс-шара өткізгенін атап өтіп, жаңа бастамалар мен жастарға арналған ақпараттық жобаларды іске асыру жоспарланды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды