Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақмола облысында биыл 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 1300-ден аса отбасы баспаналы болмақ. Ал жыл басынан Бурабай, Зеренді мен Сандықтау аудандарының кезекте тұрған 31 отбасына пәтер кілттері табысталды.

Баспаналы болғандардың қатарында әлеуметтік аз қамтылған жанұялар мен жетімдер және көпбалалы отбасылар бар. Сандықтау ауданында бұл мемлекеттік бағдарлама аясында салынған осымен екінші тұрғын үй, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар өңірде бизнеспен ықпалдастықтың арқасында жекеменшік құрылыс компанияларынан дайын пәтер сатып алу жұмысы да жақсы жолға қойылған. Мәселен, былтыр осы әдіспен 750 отбасы баспаналы болды.

"Соңғы екі жылдың көлемінде облысымыз бойынша 5 мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж жандарға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға арналған баспаналар. Жалпы, баспанамен тұрғындарды қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ұстанған әлеуметтік саладағы саясатының басым бағыттарының бірі." Досұлан Айтбаев, облыс әкімінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін