Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Атырауда 10 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ болатыны да болжанады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Шымкентте және Түркістанда 10 ақпанда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында қар жауып, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 10 ақпанда қар жауып, көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Астанада 10 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Таразда 10 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 10 ақпанда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде 10 ақпанда көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Семейде 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Өскеменде 10 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Оралда 10 ақпанда түнде қар жауып, бұрқасын жүретіні болжанады.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 10 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, бұрқасын жүретіні болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 17-22 м/с қамтиды. Алматыда 10 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман болатыны болжанады. Қонаевта 10 ақпанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 10-12 ақпанға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөліскен болатын.