Мүгедектігі бар қызметкерлерге жеке табыс салығы бойынша шегерімдер: 2026 жылғы тәртіп

Фото: pexels
2026 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтыған барлық ұйымдар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қолдануда бірыңғай талап енгізіледі. Атап айтқанда, мүгедектігі бар қызметкерлердің еңбекақы қорының үлесі 51 пайыз мөлшерінде белгіленді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұрын есту, сөйлеу және көру қабілетінен айырылған адамдар жұмыс істейтін арнайы ұйымдар үшін қолданылған 35 пайыздық талап күшін жойды.

Бұл өзгеріс салық төлеушілерге қатысты алалаушылықты жойып, жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар қызметкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер толық көлемде сақталады.

Норманың негізгі мақсаты – жұмыс берушілерді жаңа жұмыс орындарын ашуға және бар жұмыс орындарын сақтауға ынталандыру.

Сондай-ақ мүгедектік тобына байланысты жеке табыс салығы бойынша әлеуметтік шегерімдерді саралау тәртібі енгізілді.

Бұған дейін еңбек ететін мүгедектігі бар азаматтар үшін шегерімдердің шекті мөлшері 882 айлық есептік көрсеткішті құраған болса, енді бұл деңгей тек үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін сақталады. Ал бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін шегерім мөлшері 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

Қазақстан
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж