Үкімет пен әкімдіктер су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруға тиіс – Президент

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында табиғи апаттар мен су тасқынына қарсы шараларға дайындық мәселесіне тоқталды.
"Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтуда", — деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды:

"Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек. Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент технологияны дұрыс әрі жүйелі қолданудың маңыздылығын атап өтті:

"Бізде қажетті технологияның бәрін пайдалануға мүмкіндік бар. Тек соның барлығы қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолданылады деген сұрақ туады. Мәселе – сонда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы қажет", — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қателіктерді қайталамаудың және алдын алу шараларын уақытында орындаудың маңыздылығын ескертті:

"Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек. Көктем де келіп қалды. Үкімет әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруға тиіс", — деді Президент.
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі