Қазақстанда криптовалютаның реттелетін айналымы 2026 жылы іске қосылады

Фото: unsplash
Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде криптовалютаның реттелетін айналымын іске қосу және цифрлық активтерді сақтауға арналған ұлттық сервис құру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылы цифрлық активтер нарығының заңнамалық негізін қалыптастыру жұмыстары аяқталған, ал биыл олардың практикалық айналымы басталады.

"Биыл мамыр айына дейін Орталық депозитарий базасында цифрлық активтерді сақтауға арналған ұлттық криптокастодиалдық сервис құрылады. Қаржылық инновацияларды тәжірибеде іске асыру мақсатында реттеуші "құмсалғыш" (sandbox) іске қосылды. Қазіргі таңда онда криптобиржалардан бастап нақты активтерді токенизациялау, стейблкоиндер мен крипто-фиат төлем шешімдеріне дейінгі 10 бағыт бойынша 22 жоба жүзеге асырылып жатыр.Биыл бұл жобаларды толық лицензияланатын режимге көшіру арқылы ауқымын кеңейтуді жалғастырамыз. Сондай-ақ Alatau City аумағында цифрлық активтердің айналымы мен капитал қозғалысына арналған арнайы режим енгізіледі", – деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Қазақстанда бюджет үдерісінде цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Сүлейменов Тимур

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті