Қызыл кітапқа енген құстарды контрабандалау арнасының жолы кесілді

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
5 ақпанда Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз түрде шетелге шығару бойынша қылмыстық схеманы анықтап, жолын кесті.

Сирек кездесетін құстарды аулау Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүзеге асырылған.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір топ адам, оның ішінде Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері де ұсталды.

17 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 40-тан астам құс, 5 атыс қаруы, шамамен 200 оқ-дәрі, суық қарудың бірнеше түрі, құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар, сондай-ақ басқа да маңызды айғақ болар заттар тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 120 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық ұсталған адам қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды