Алматы әкімдігінің өкілдері апатты ғимараттың бұзылуына қатысты түсініктеме берді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желілерде Алматыдағы тарихи ғимараттың бұзылып жатқаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәліметтер шынайы жағдайды толық көрсетпейді.

Қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының хабарлауынша, Гоголь көшесі, 45 мекенжайында орналасқан 1908 жылы салынған екі қабатты ғимарат тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілмеген және тарихи-мәдени мұра нысаны мәртебесіне ие болмаған.

Әр жылдары бұл ғимаратта түрлі қалалық қызметтер орналасқан. Ал 2022 жылдан бастап техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты ғимарат іс жүзінде пайдаланылмаған.

2025 жылы жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша аталған нысан апатты деп танылып, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталған. Осыған орай ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта құрылыс нысанын сүру жұмыстары аяқталуға жақын. Ал жер телімі мемлекеттік жер қорына берілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін