Қазақстанда мұнай, газ және алтын қоры қанша жылға жетеді

Фото: pexels
ҚР Геология комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев 2026 жылғы 13 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі және олардың сарқылғаннан кейінгі перспективалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің "Қазақстанға мұнай, газ, алтын және уран қоры қанша жылға жетеді және бұл ресурстар сарқылғаннан кейін қандай даму бағдарламасы қарастырылған?" деген сұрағына Қанат Ерубаев сұрақтың дұрыс қойылмағанын атап өтті.


"Өйткені кез келген жағдайда барлау жұмыстары жүргізіледі, қорлар толықтырылады, мемлекеттік геологиялық зерттеулер жүргізіліп, қосымша резерв көздері анықталады. Дегенмен шамамен айтсақ, мемлекеттік есепке алынған пайдалы қазбалар қорында 4 миллиард тоннадан астам мұнай бар. Қазіргі өндіру көлемімен бұл қор шамамен 50 жылға жетеді", – деді спикер.

Оның айтуынша, мемлекеттік есеп бойынша Қазақстандағы алтын қоры шамамен 2,3 мың тоннаны құрайды. Қазіргі өндіріс көлемімен бұл қор шамамен 37 жылға жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 240 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін