Шетелдіктер 13 ақпаннан бастап ХҚКО бөлімшелерінде ЖСН ала алмайды: себебі белгілі болды

Фото: gov4c.kz
2026 жылғы 12 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) шетелдіктердің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация 13-16 ақпан аралығында уәкілетті мемлекеттік орган тарапында техникалық жұмыстар жүргізілетіндігін мәлімдеді.

"Осыған байланысты, 13 ақпан күні сағат 09:00-ден бастап ХҚКО-лар мен Көші-қон қызметі орталықтарында "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру" қызметі уақытша қолжетімсіз болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",- делінген ведомство мәліметінде.

Бұған дейін Қытайдағы жоғары оқу орындарына түскісі келетін қазақстандықтарға құжат тапсыру мерзімі ұзартылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін