Қазақстанның тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев 2026 жылғы 13 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысында перспективалы мұнай учаскелеріне барлау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қостанай облысының Жангелдин ауданында мұнай табылды деген ақпараттың рас-өтірігін және оны өндіру туралы айтуға әлі ерте емес пе деген сауал қойды.

Қанат Ерубаевтың айтуынша, мұнай табу үшін алдымен перспективалы тұзақтарды анықтау қажет. Бұл – күрделі жұмыс, алайда оны жүргізу маңызды.

"Бізде Солтүстік Торғай шөгінді алабы өте үлкен. Көршілес ел осы алаптың солтүстік бөлігінде мұнай мен газ өндіруде. Сондықтан осындай кен орындарын анықтауға біздің тараптан да мүмкіндік жеткілікті. Сол себепті аталған аумақта сейсмобарлау жұмыстарын жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Оның сөзінше, барлау жұмыстары биыл басталып, үш жыл ішінде аяқталады деп жоспарланған.

Бұған дейін спикер Қазақстанда мұнай, газ және алтын қоры қанша жылға жететіні туралы да мәлімдеген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды