Алматыда мұз бен қарды уақтылы тазалаудың жауапкершілігі ескертілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқару ұйымдары шатырларды, маңдайшаларды және ортақ мүлікке жататын өзге де құрылымдарды қар мен мұздан уақытылы тазалауға міндетті.

Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Қолданыстағы заңнамаға және ортақ мүлікті күтіп ұстау шығындарын есептеу әдістемесіне сәйкес, кондоминиум нысандарын басқару ұйымдарының, оның ішінде МИБ, ПИК және басқарушы компаниялардың құзыретіне тұрғын үйлер мен оған іргелес аумақтардың тиісті санитарлық әрі техникалық жағдайын қамтамасыз ету жатады.

Міндетті жұмыстар тізбесіне аулаларды күтіп ұстау, қар мен мұзды тазалау, шатырлар мен маңдайшаларды және ортақ мүліктің басқа да құрылымдарын мұз құрсауынан арылту кіреді. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған.

Аталған жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызға ие. Тазалау барысында қауіпті аумақтар ескерту лентасымен қоршалып, тұрғындар алдын ала хабардар етілуге тиіс. Сондай-ақ барлық жұмыс қауіпсіздік техникасы талаптарына сай жүргізілуі қажет.

Ортақ мүлікті тиісінше күтіп ұстамау, оның ішінде қар мен мұзды уақытылы тазаламау үшін жауапкершілік басқару ұйымының төрағасына немесе қызмет көрсетуші ұйымға жүктеледі. Зиян келтірілген немесе даулы жағдай туындаған шақта тұрғындар өз құқығын заңнамада белгіленген тәртіппен, оның ішінде сот органдарына жүгіну арқылы қорғауға құқылы.

Басқарма өкілдері қыс мезгілінде шатырлар мен аулаларды уақытылы тазалау тұрғын үйлерді күтіп ұстаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі шараларының бірі.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды