"Оған енді үйретеріміз қалмады": Қазақстанның оңтүстігінде вундеркинд бала өсіп келеді

Сурет: gov.kz
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылында нағыз ерекше қабілетті бала өсіп келеді. Төрт жасында Али Адамбек екі таңбалы және тіпті үш таңбалы сандарды ойша қосып, көбейтуді де еркін орындайды, оны ағылшын тілінде түсіндіріп отырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 16 ақпанда Түркістан облысы әкімдігінде хабарлағандай, баланың ерекше зейіні тәрбиешілерді таңғалдырған. Олар: "Оған енді үйретеріміз қалмады" деп мойындап, оны мектепке ауыстыруды ұсынған.

"Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылында нағыз вундеркинд өсіп келеді. Небәрі 4 жастағы Әли Адамбек екі таңбалы, тіпті үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде еркін орындайды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Әлидің зеректігі сондай, балабақша тәрбиешілері "үйретеріміз қалмады" деп, оны мектепке жіберген. Бүгінде ол дайындық сыныбында оқығанымен, логикалық деңгейі жоғарғы сынып оқушыларымен тең.

"Алтынтөбе" орта мектебінің мұғалімі Әлия Миятбекованың айтуынша, Әли тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын күрделі есептерді олардан бұрын шығарып, көпшілікті қайран қалдырып жүр.

Анасы Нұргүл Мырзағали ұлының ерекше хоббиі туралы айтады: "Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық контенттерді қызығып тамашалайды. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына, жарты сағат бойы есеп шығарып, көбейту кестесін айтуды өтінеді".

Әли тек математикамен шектелмейді. Ол әліппені толық меңгеріп алған, ендігі мақсаты – ағылшын тілінде жазуды жетік меңгеру. Кішкентай кейіпкеріміздің "Маған балабақша емес, мектеп қызық. Сабақ жазбағандар ұнамайды" деген сөзі оның білімге деген адалдығын көрсетеді.

Түркістандық ұстаздар таңғажайып дарынды баладан үлкен үміт күтіп отыр.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды