Сот ісіне көз жүгіртсек, жұбайымен туындаған отбасылық жанжалдан кейін ер адамда оны психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру жөнінде қылмыстық ниет пайда болған. Өз жоспарын жүзеге асыру үшін ол екі танысымен алдын ала сөз байласқан.
Сотталушылар жәбірленушінің қарсылығына қарамастан, қол-аяғын скотчпен байлап, күштеп Шымкент қаласындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығы жеткізіп, сол жерде сотталушы ер адамның тиісті медициналық құжаттарға қол қою арқылы жәбірленушіні заңсыз мекемеге орналастырған.
"Сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша істі ұйымдастырушыға түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Оның сыбайластарына әрқайсысы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Моральдық зиянды өтеу есебінде сотталған Д.-дан жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге, ал Ю. және М.-дан әрқайсысынан 3 млн теңгеден өндірілді",- делінген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Таразда 13 жастағы қызды күндіз көлікке күштеп мінгізуге әрекет жасалғанын жазғанбыз.