Алматы-1 вокзалы қайта жаңғыртудан кейін қандай кейіпте болады

Сурет: Zakon.kz
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және оны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 20226 жылғы 18 ақпанда Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жоба аясында вокзал ғимараты мен вокзал кешенінің бүкіл инфрақұрылымын кешенді жаңғырту көзделген. Инженерлік желілер жаңартылып, заманауи энергиямен жабдықтау, желдету, цифрлық бақылау және қауіпсіздік жүйелері енгізілуде. Жобаның негізгі басымдығы – нысанның сейсмикалық төзімділігін арттыру. Тірек конструкциялары күшейтіліп, ғимарат өңірдің сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестендірілуде. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңартылуда",- деп атап өтті министрлік.

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзалдың өткізу қабілеті артып, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы жақсарады, толыққанды кедергісіз орта қалыптастырылады. Жаңартылған нысан қауіпсіз, технологиялық және жайлы болады.

Сурет: ҚР Көлік министрлігі

Қайта жаңғырту жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұған дейін Қостанайда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді