Қарағанды облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді: дрондар мен автоматты жүйелер іске қосылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальоны жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апат деңгейін төмендету бағытында бақылау шараларын күшейтті.

Енді өңір жолдарында заманауи цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып жатыр. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді, жылдамдықты өлшейтін автоматты жүйелерді, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануда.

Бұл технологиялар жол қозғалысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.

"Аталған шаралар жазалау емес, ең алдымен алдын алу сипатына ие. Негізгі мақсат – жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және адам өмірін сақтау, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздік қарапайым талаптарды орындаудан басталатынын ескертеді:

– жылдамдық режимін қатаң сақтау;

– қауіпсіздік белдігін тағу;

– рөлде зейінді болу;

– жол белгілері мен таңбалардың талаптарын мүлтіксіз орындау.

Жол қателікті кешірмейді. Әрбір жауапсыз әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Полиция азаматтарды тәртіп пен өзара құрмет қағидаларын ұстануға шақырады. Тек ортақ жауапкершілік арқылы ғана жолдарды қауіпсіз етіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды