"Жаңбыр соңы қарға ұласады". 19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pexels
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 19 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда 19 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (соңы қарға айналатын жаңбыр) болады, жаяу бұрқасын жүріп, күндіз қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 19 ақпанда түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (соңы қарға айналатын жаңбыр) тұман, көктайғақ болып, күндіз қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда 19 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 19 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с болмақ.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 19 ақпанда түнде және таңертең тұман болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 19 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Мұғалжар ауданындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Абай облысының батысында, шығысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстағы екпіні 23 м/с дейін жетеді. Семейде 19 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға уласады) болып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 19 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға уласады), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 19 ақпанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с болмақ. Қызылордада 19 ақпанда кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 19 ақпанда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Көкшетауда 19 ақпанда жолдарда көктайғақ болатыны болжанады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің оңтүстік өңіріне қыс қайта оралатынын болжаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды