Құрылтай депутаттарының сайлауы қашан өтуі мүмкін – Мәулен Әшімбаев жауап берді

Фото: Zakon.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі ай ішінде сайлау өткізілуі тиіс.

"Бұл 1 қыркүйекке дейін болады, ал 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент – Құрылтай жұмыс істеуі керек. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдаса, біз осы құрамда өтпелі ережелерге сәйкес 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз. Ал 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент өз жұмысын бастайды", – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін ол жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі ықтимал кадрлық шешімдер туралы да пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Құрылтай
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы