Үш өңірге ірі-ірі жел және күн стансасы салынады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің үш өңірінде ірі-ірі жел және күн стансалары салынады. Жоба құны 2,2 млрд доллар.

Бүгін Сенат депутаттары "Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру" туралы келісімді ратификациялады, деп жазады qazaqstan.tv.

Аталған энергетикалық нысандардың қуаттылығы 1,8 ГВт. Жобаға энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заманауи энергия жинақтау жүйелері енгізіледі.

Бұл жыл сайын 5,7 млрд кВт-сағаттан астам жасыл электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Көмірқышқыл газының шығарындыларын 4,5 млн тоннаға дейін азайтады.

Осы арқылы Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады.

Бұл жоба бойынша үш жоба екеуі жел электр станциясы, Павлодар Қарағанды 30 мегаваттық күн электр станциясы Түркістан облысында. Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады