24 ақпанда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 24 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте 24 ақпанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Түркістанда 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болып, таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 24 ақпанда ауа температурасы түнде 24-26 аязды көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді. Түннің бірінші жартысында қар жауып, бұрқасын жүреді, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 24 ақпанда ауа температурасы түнде 21-23 аязды көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді. Түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.  

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда 24 ақпанда тұман болатыны болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстіқ-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 24 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтауда 24 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Алматыда 24 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 24 ақпанда кей уақытта тұман болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Бұған дейін синоптиктер 24 ақпанда Қазақстанның шығысында қалың қар жауатынын болжап, жалпы ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды