Түркістандық хирургтар 99 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды

Сурет: Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі
Түркістан облысында 99 жастағы науқасқа күрделі хирургиялық ота сәтті жасалды. Бұл туралы 2026 жылғы 23 ақпанда өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.Д

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа жабық көпжарқыншақты сол жақ сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің ығысуы мен сынуы диагнозымен шұғыл күрделі хирургиялық көмек көрсетілді.

Бұл жарақат егде жастағы науқастар үшін аса қауіпті. Ол түрлі ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

"Соған қарамастан, дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, дұрыс таңдалған ем тактикасы және үйлесімді командалық жұмысының нәтижесінде ота сәтті өтті. Мұндай жастағы науқастарға күрделі операцияны сәтті жасау – дәрігерлердің үлкен жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігінің нақты көрінісі".Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі

Бұған дейін Таразда зейнеткер әйел пәтерінде 20-ға жуық мысық асырап, көршілерін зар қақсатып отырғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды