Таразда зейнеткер әйел пәтерінде 20-ға жуық мысық асырап, көршілерін зар қақсатып отыр

Дом, жилье, квартира, дома, квартиры, недвижимость, аренда жилья, съемное жилье, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 09:54 Фото: Zakon.kz
Таразда пәтерінде жиырма мысық бағып отырған әйелге айыппұл салынуы мүмкін. Өйткені қуықтай үйдегі сансыз мысық айналаны антисанитарияға айналдырып, зиянды жәндіктердің көбеюіне әкелді дейді көршілері. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қала орталығындағы көпқабатты үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері қолқаны қапқан күлімсі иістен шаршаған. Бір пәтерде жүрген жиырмаға жуық мысық осы үйдегі егде жастағы екі әйелге тиесілі екен. Бір пәтерін үй жануарларына босатып берген қызы мен анасы көршілердің ескертуіне құлақ аспай отыр. КТК мәліметінше, тұрғын үйді құрт құмырсқа басып бара жатыр деген тұрғындар, жергілікті биліктен осы мәселені шешіп беруді сұрап отыр.

Бұл мәселе былтырдан бері ветеринария қызметкерлерінің де бас ауруына айналған. Өйткені зейнеткер үйдің айналасында өлген мысықты көміп кететін көрінеді. Кейде оны тамақтандыруға шамасы келмей, көпшіліктен көмек сұрайтын да әдеті бар екен.

Ал мысықтарды көшеден жинап алып, өз үйінде бағып отырған әйел мысықтардың тағдыры "тек заң аясында шешілсін" дейді. Қазір бұл мәселе бойынша қайта жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын бастаған. Алайда облыстық маслихат депутаттары үй жануарын ұстау бойынша заң нормасын әлі де қарастырмапты. Бұған қапа болған тұрғындар ереже ертерек бекітілмесе, көпқабатты үйде қой бағып, жылқы баптауды бастаймыз деп оқталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: