Шымкент тұрғыны сапасыз протез үшін сот арқылы 2 млн теңгеден астам өтемақы өндіріп алды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 13:34 Фото: Zakon.kz
Шымкентте сот мүгедектігі бар тұлғаның пайдасына материалдық шығын мен моральдық зиянды өндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы екінші топ мүгедегі болып табылады. 12 жылдан бері жауапкерден аяққа арналған протез алып келген. Алайда, 2025 жылы жауапкермен берілген протез және қосалқы протез 2 ай ішінде жарамсыз күйге келген.

"Осы жағдай, талап қоюшының денсаулығына ғана емес, күнделікті тұрмыста жүріп-тұруына, қозғалуына қиындық туғызып, психологиялық және моральдық тұрғыда күйзеліске ұшыраған. Талап қоюшыға берілген протез және қосалқы протездің сапасының төмендігі өз дәлелін тапты",- делінген сот ақпаратында.

Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырған.

Осылайша, Сот, талап қоюшының алдағы уақытта сапалы протезді алып, толыққанды өмір сүруі үшін талап қоюшының пайдасына материалдық шығын 1 064 000 теңгені және де аталған жағдай талап қоюшының ызалану, түңілу және қолайсыз жағдайда қалуына әкеп соққанын ескеріп, талап қоюшының пайдасына моральдық залал 1 000 000 теңгені өндірді.

Шешім заңды күшіне енген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: