Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабында көзделген, алкоголь өнімдерін заңмен тыйым салынған уақытта сату фактілері бойынша 47 құқық бұзушылық анықталды.
Тексеру барысында бірқатар сауда нысандарында спирттік ішімдіктер белгіленген уақыттан тыс сатылғаны белгілі болды.
Анықталған барлық деректер бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды: айыппұлдар салынды, жекелеген жағдайларда сауда орындарының қызметі уақытша тоқтатылды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру шарасы қолданылды.
"Алкоголь өнімдерін заңсыз сату қоғамдық тәртіптің жай-күйіне тікелей әсер етеді. Құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі масаң күйде жасалатыны белгілі. Біздің міндетіміз – заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Заң талаптарының сақталмауының әрбір дерегіне принципті түрде әрекет етеміз, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Полиция өкілдері алкоголь өнімдерін сату қағидаларын сақтау әрбір кәсіпкердің міндеті екенін еске салды. Белгіленген талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.