ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылы 25 ақпанда қызықты мәліметтермен бөлісіп, ұшу аумағын кеңейту отандық әуекомпаниялары және шетелдік тасымалдаушылар есебінен қамтамасыз етілетінін жеткізді. .
Мәселен, SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан келесі рейстерді бастайды:
- Бішкек (Қырғызстан) –29 наурыздан;
- Новосібір (Ресей) -19 мамырдан;
- Санкт Петербург (Ресей) -1 маусымнан;
- Тель-Авив (Израиль) – 9 масымнан.
Air Astana халықаралық желісін келесі бағыттармен кеңейтеді:
- Алматы – Шанхай (Қытай) – 29 наурыздан;
- Астана – Гуанчжоу (Қытай) – 2 маусымнан;
- Алматы – Ларнака (Кипр) – 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін (маусымдық);
- Астана – Ларнака (Кипр) – 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін (маусымдық);
- Алматы – Даламан (Түркия) – көктемгі-жазғы навигация кезеңінде;
- Алматы – Салала (Оман) – 9 наурыздан;
- Астана – Салала (Оман) – 9 наурыздан.
Сонымен қатар, 2026 жылы Алматы – Токио (Жапония) бағытын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
FlyArystan келесі рейстерді іске қосады:
- Алматы – Самарқанд (Өзбекстан) – 17 наурыздан;
- Алматы – Сиань (Қытай) – маусым айында (слоттарды келісу күтілуде);
- Ақтау – Үрімші (Қытай) – маусым айында.
"Сондай-ақ Алматы – Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) бағытын ашу жоспарлануда". ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Шетелдік тасымалдаушылар арасында:
- LOT Polish Airlines Алматы – Варшава рейсін 31 мамырдан ашады;
- Air Arabia Dammam Алматы – Даммам (Сауд Арабиясы) рейсін іске қосуды жоспарлап отыр;
- Royal Jordanian Алматы – Амман (Иордания) рейсін орындау мүмкіндігін қарастыруда.
Жаңа маршруттар сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіне ықпалдасуына әсерін тигізеді деп күтілуде.
Бұған дейін Қазақстанда тағы бір шетелдік әуе рейсі ашылғанын жазғанбыз.