БҚО-да полиция ірі көлемдегі берешегі бар азаматты анықтады

Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметкерлері "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ірі көлемдегі берешегі бар азаматты анықтады.

Аталған іс-шараның мақсаты – берешегі бар тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру.

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын тексеру кезінде 1 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізушіні анықтады.

Тексеру нәтижесінде азаматтың уақтылы төленбеген әкімшілік айыппұлдары бары белгілі болды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды айыппұлдар мен өзге де берешектерді заңда белгіленген мерзімде өтеуге шақырады.

Берешекті уақытылы төлемеу көлік құралын айып тұрағына қоюға, сондай-ақ қосымша қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді