Қар, тұман, көктайғақ: 27 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 27 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, көктайғақ күтіледі. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүсік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 41 градус қатты аяз күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 35 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаевта кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Қызылорда облысында көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, түнде облыстың орталығында, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысында жауын-шашын, облыстың батысында таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын, облыстың батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды