Қазақстандық диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылып қалды

Фото: pexels
Қарағандыда сот Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) қала тұрғынына көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, талап қоюшы 01.09.2021 жылдан бастап Л. F07.0 –органикалық этиологиядағы тұлғалық бұзылыс диагнозымен Облыстық психикалық денсаулық орталығы" МКҚК психиатрының диспансерлік есепте тұрғанын көрсетті.

Ал, 2019 жылдың 6 тамызында Л.-ге жарамдылық мерзімі 2029 жылдың 6 тамызына дейін болатын "B, C1" санаттары бойынша көлік құралдарын басқаруға рұқсат беретін жүргізуші куәлігі берілген.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 9 қарашадағы №853 "Адамдарға көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығының 1-тармағына сәйкес, көрсетілген диагноз көлік құралдарын басқаруға кедергі келтіретін аурулар тізбесіне енгізілген. Ұсынылған дәлелдемелерді бағалай отырып, бірінші сатыдағы сот жауапкердің денсаулық жағдайы көлік құралын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіреді және жол қозғалысы қауіпсіздігіне, сондай-ақ белгісіз тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіреді деген қорытындыға келді",- делінген ақпаратта.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылып, Л.-нің көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымның дәлелдерін қарап, бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды