Алматыда есепте тұрған сотталған азаматтар тексеріліп жатыр

Фото: Zakon.kz
Қала аумағында соттылығы алынбаған және өтелмеген адамдар тарапынан қайталама қылмыстардың алдын алуға бағытталған "Профилактикалық есеп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара 18 ақпан мен 5 наурыз аралығында ұйымдастырылған.

Профилактикалық жұмысқа аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері пробация қызметімен бірлесіп жұмылдырылған. Жедел іс-шара аясында полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, сот белгілеген шектеулердің сақталуын бақылауда және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізуде.

Іс-шара барысында 5 мыңға жуық есептегі азамат тексерілді. Тексеру нәтижесінде белгіленген міндеттерді бұзу деректері анықталып, бірқатар материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жекелеген тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусизовтің айтуынша, профилактика қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып қала береді.


"Іс-шараның басты мақсаты — жазалау емес, қайталама қылмыстардың алдын алу. Полиция қызметкерлері мекенжайлық профилактикалық жұмыстар жүргізіп, сот белгілеген шектеулердің сақталуын бақылап, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тәжірибе көрсеткендей, тұрақты бақылау мен алдын алу шаралары қайталама құқық бұзушылық тәуекелін айтарлықтай төмендетеді, — деді Айтан Елеусизов.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі