Элитті пәтер мен 4 көліктің иесі – ұйымдасқан қылмыстық топтың ықтимал басшысы ұсталды

Фото: pixabay
Павлодар облысы бойынша ҚР Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл топ Алматы және Павлодар облысы аумағында электрондық тұтыну жүйелерін (вейп) заңсыз айналымға шығарумен айналысқан деп хабарлайды Zakon.kz.

Толығырақ мәліметтерді бүгін, 2026 жылғы 3 наурызда, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі жариялады.

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Павлодар облысы аумағында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз айналымға шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті тұрақты табыс табу мақсатында вейптерді сатудың жүйелі әрі тұрақты схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында дүкендер желісі қайта аталып, ресми түрде кальян өнімдерін сатуға бағытталғандай көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрондық тұтыну құрылғылары мен олардың қосалқы бөлшектері сатылған.

Тыйым салынған өнімдер "Telegram" мессенджері арқылы да өткізіліп, курьерлік жеткізу қызметі пайдаланылған.

Құпиялылықты сақтау үшін жалға алынған орынжайлар, сенімді адамдар және мессенджерлердегі шифрланған байланыс арналары қолданылған.

Заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол түрде де, жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы да жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген.

Тінту барысында жалпы құны 711 млн теңгеден асатын 131 мыңнан астам вейп тәркіленді.

Өнімдерді өткізу негізінен жастарға, соның ішінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары мен студенттерге бағытталған. Бұл олардың денсаулығына тікелей қауіп төндірген.

Күдікті әшкереленіп, бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан, байланысы бар тұлғалар арқылы және қосымша жасырыну шараларын пайдаланып, топтың қызметін үйлестіруді жалғастырған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа 4 автокөлік пен Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. Аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бес қатысушысы қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды