Қазақстан мектептерінде кейбір оқушыларға ерекше назар аударылады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан мектептерінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балаларға педагогикалық сүйемелдеу енгізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 5 наурызда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еліміздің барлық мектептерінде ерекше педагогикалық назарды қажет ететін кәмелетке толмағандарға жеке педагогикалық сүйемелдеу енгізіледі. Бұл шара тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтауға және оларға білім беру ұйымдарында мақсатты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған.

Жаңашылдық 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енді. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту бағытында жұмыс жүргізуде.

Педагогикалық сүйемелдеу білім беру ұйымының профилактика кеңесінің шешімімен тағайындалады. Әрбір бала үшін нақты қолдау шаралары мен жауапты мамандар көрсетілетін жеке профилактикалық жұмыс жоспары әзірленеді.

Ерекше педагогикалық назарды қажет ететін балалар санатына оқуында қиындықтары бар, сабақтарды себепсіз жүйелі түрде қалдыратын, қоғамға жат мінез-құлық танытатын, құқық бұзушылық жасаған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушылар жатады.

Сүйемелдеу аясында педагогтар мен мектеп психологтары баламен жеке жұмыс жүргізеді, ата-аналармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда әлеуметтік қызметтер тартылады. Бұл шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балаларға дер кезінде көмек көрсету.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті