БҚО-да қызылша өршіп кетті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Батыс Қазақтан облысында 108 адам қызылша дертін жұқтырған.

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Жыл басынан бері ауырған 108 адамның 29-ы жасқа толмаған сәбилер, 53-і 1-ден 4 жасқа дейінгі, 16-сы 5-тен 14 жасқа дейінгі балалар.

Аурудың басым бөлігі облыс орталығы Оралда тіркелген. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, негізі қызылшаға қарсы вакцинация бала 1 және 6 жасқа толғанда жасалады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал қазір эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 6 айдан 10 айға дейінгі нәрестелерді, бұрын екпе алмаған балаларды, медицина қызметкерлерін де вакцинациялау қолға алынған.

Аурушаңдық өсуінің бірден бір себебі, 85%-ы екпе алмаған балалардың арасында тіркеліп отыр. Бұл негізгі факторлардың бірі болып тұр. Себебі екпе алмаған жағдайда бала 100% ауырады деп айта аламыз. Сондықтан негізгі фвкторлардың бірі – қазіргі таңда екпемен қамтылмаудан болып отыр. Нұрлыбек Мұстаев, облыстық сангитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді