Италиядағы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қашан көрсетіледі

Сурет: Сали Сабиров
"Qazsport" телеарнасы Италияда өтетін Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінің трансляциясын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Телеарна журналистерінің мәліметінше, қазақстандықтар ойындардың ашылу салтанатын 6 наурыз күні сағат 23:50-де тамашалай алады.

Елдің Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы ел намысын парашаңғы жарысы мен парабиатлоннан қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан жеті спортшы өнер көрсетеді:

5 наурызда қазақстандық паралимпиадашыларға қолдау білдіріп, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров сөз сөйледі. Спортшы өзінің Instagram сторисінде оларға арнап бейнеүндеу жариялаған.

"Өз атымнан еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік, өздеріне сенімділік және, әрине, жоғары нәтижелер тілеймін. Олар бұл маңызды жарысқа ұзақ уақыт дайындалды", – деді Шайдоров.

2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтіп, 16 наурызда аяқталады. Жарыстарға әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығын сарапқа салады. Биылғы ойындардың маңызы ерекше – қысқы паралимпиадалық қозғалыстың 50 жылдығы атап өтіледі. Алғашқы қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен.

Алайда ауқымды шараға қарамастан, жеті ел саяси себептерге байланысты Паралимпиаданың ашылу салтанатына бойкот жариялады. Халықаралық паралимпиада комитетінің мәліметінше, ашылу рәсіміне Чехия, Эстония, Финляндия, Латвия, Литва, Польша және Украина делегациялары қатыспайды.

Бұған дейін Чехияда мас күйіндегі турист 2026 жылғы Олимпиадаға қатысушы 16 жастағы спортшы қызды қағып кетіп, ауыр жарақаттағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті

Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған

Заңсыз контент таратқан қазақстандықтарға айыппұл салынады

Қазақстанда өндірістік бақылауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өзгертілді