Ақмола облысында екі балықшы қарға батып қалды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысында Қорғалжың ауданы Шалқар ауылының маңында жеңіл автокөлікпен жүрген екі ер адам қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қалың әрі борпылдақ қардың салдарынан көлік қарға батып, өз күшімен шыға алмады.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қар басқан жол учаскелерінен өтіп, қар құрсауында қалған автокөлікті тауып, ішіндегі адамдарды эвакуациялады. Жолаушылар Қорғалжың ауылына жеткізіліп, сол жерден өз бағыттарын жалғастырды.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ тұрғындарға алыс жолға шығар алдында міндетті түрде ауа райы болжамын және көліктің техникалық жағдайын тексеруді ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды