Бұл қағидаттар өндірістік кәсіпорындар үшін де маңызды. Өндіріс саласында еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылар құқығы және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау – басты міндеттердің бірі болып табылады.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты – 80 жылдық тарихы бар, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс орындарының бірі. Сондықтан біз ел үшін маңызды саяси науқандардан ешқашан шет қалмаймыз." Нұрлан Ещанов , "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері
Сурет: "АМӨЗ" ЖШС
Жаңа Ата заң – ел дамуының бағытын айқындайтын, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтатын маңызды құжат.
"Онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларының Конституциялық деңгейде бекітілуі – әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғауға берілген маңызды кепілдік. Сонымен қатар табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қағидаттарының айқындалуы да мұнай өңдеу саласы үшін аса маңызды." Нұрлан Ещанов , "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері
"АМӨЗ" ЖШС ұжымы 15 наурыздағы референдум – еліміздің болашағына қатысты жауапты таңдау деп санайды.
"Біз бұл маңызды шешімнен тыс қалмаймыз. Сондықтан "АМӨЗ" ЖШС ұжымы алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституцияны қолдайды. Бұл – елдің тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі". Нұрлан Ещанов , "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері
Сурет: "АМӨЗ" ЖШС