Алматыда курьердің қырағылығы есірткі таратпақ болған адамды ұстауға көмектесті

Сурет: polisia.kz
Алматыда курьердің қырағылығының арқасында заңсыз заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеткізу қызметінің қызметкері кезекті тапсырысты орындау кезінде өзіне берілген қораптың ішіндегі затқа күмәнданды. Қораптың ішінде заңсыз заттар болуы мүмкін деп есептеген ол дереу полицияға хабарлады.

Оқиға орнына келген полицейлер сәлемдемені алуға келген азаматты анықтады. Күдіктіні көрген ер адам қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталды. Қорапты тексеру барысында оның ішінен есірткі заттарына ұқсас заттар табылды.

Ұсталған адамның шетел азаматы екені анықталды. Сонымен қатар ол Қазақстан аумағында көші-қон заңнамасын бұза отырып жүргені белгілі болды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды.

Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов бұл оқиғаны азаматтық жауапкершілік пен қырағылықтың айқын көрінісі ретінде сипаттады.

"Курьер өз жұмысын атқара отырып, күмән тудырған жағдайға бейжай қарамай, дер кезінде полицияға хабар берді. Соның арқасында тыйым салынған заттардың таралуына жол берілмеді. Мұндай фактілер полицияның ерекше бақылауында болады. Азаматтарды, соның ішінде курьерлік қызметтерді заңсыз схемаларға тартуға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады", – деді Жәнібек Шынасылов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады