ШҚО-да қан өткізген донорларға үш мың теңгеден бастап ақы төленеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Шығыс Қазақстан облысында қан және плазма тапсыратын донорларға берілетін бір реттік төлем көлемі шамамен үш есеге артты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, енді донорларға 3100 теңге, ал тромбоцит тапсыратын донорларға 5 мың теңге төленеді. Өңірде осындай қаржылай ынталандыру арқылы ерікті донорлықтың беделін арттыру көзделіп отыр.

Мамандардың айтуынша, донорлық қанға әсіресе Ана мен баланың аймақтық орталығы мекемесінде үлкен қажеттілік бар. Белгілі болғандай, шала туған нәрестелердің басым бөлігіне қан құю қажет болады. Сонымен қатар бұл орталықта Абай облысынан келген науқастарға да операция жасалады. Сондықтан донорлық қанға сұраныс тұрақты.

Дәрігерлердің сөзінше, мұндай ем-шара сәбилер үшін өте маңызды. Кейбір жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы күндерінен бастап қан құю терапиясы қажет болады.

"Бұдан бөлек, жансақтау бөлімінде жатқан науқастарға күн сайын дерлік гемотрансфузиялық терапия жүргіземіз", – деді дәрігер Жібек Наурызбаева.

Бұған дейін 2026 жылы Шекара қызметінің әскери жиындарына қанша қазақстандық шақырылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті