2025 жылы еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды - Тоқаев

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, ондаған жылдар бойы экономикамызда тапшылық, біржақтылық көп болғанын білесіздер. Бұл еліміздің одан әрі дамуына үлкен кедергі болды, әлі күнге дейін осындай келеңсіз үрдіс бар. Өндіріс және ауыл шаруашылығы саласы баяу дамыды. Коммуналдық-шаруашылық, энергетика, су, жол инфрақұрылымының әбден тозығы жетті.

"Қазір ахуал Үкіметтің нақты мақсаттарға сай жұмысының арқасында біртіндеп өзгеріп жатыр. Біз мемлекетіміздің жаңа индустриялық, энергетикалық және инфрақұрылымдық арқауын, яғни каркасын жасауға кірістік. Мысалы, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны екі жыл қатарынан 6 пайыздан асып отыр. Бұл үдеріс аймақтардың мықты экономикалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Былтырдың өзінде еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды. 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал биыл Үкіметтің болжамы бойынша құны 1,7 триллион теңге болатын 200 кәсіпорын қызметін бастайды. Онда 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған". Қасым-Жомарт Тоқаев

Осылайша, Қазақстанның бұрынғы индустриялық қуаты жандана түседі. Өнеркәсіптің мүлде жаңа салалары пайда болады. Мысал ретінде машина құрастыру және электр техникасының жабдықтарын жасау саласын айтуға болады.

Бұған дейін мемлекет басшысы аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс екенін айтқан болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды