Соттың анықтауынша, кәсіпорынның бұрынғы директоры іс жүзінде жұмысқа шықпаған адамдарды қызметке рәсімдеген, алайда олар жалақы алып отырған. Жұмыс уақытының табельдері мен қаржылық құжаттар лауазымды тұлғалардың және олардың туыстарының өтініші бойынша бекітілген.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше:
"Бірінші сатыдағы сот айыпталушыға негізсіз түрде амнистия қолданған. Алайда көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық саты бұл шешімді жойды. Кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өндірілді. Үкім заңды күшіне енді."
Айта кетейік, бұған дейін Ресейден әкелінген майнерлер арқылы 185 млн теңге табыс тапқан қазақстандықтың бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.