Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта түнде тұман күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семейде түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде таңертең және күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.
Астанада көктайғақ күтіледі. Таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.