Сыр өңірі жаңа Конституция бойынша өз таңдауын жасайтын күнге дайын

Сурет: gov.kz
Жыл басында Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай елімізде ауқымды өзгерістер мен түбегейлі реформалардың бастамасы болғаны белгілі. Сол жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған Конституциялық реформаны қоғам жан-жақты талқылады.

Біртұтас Қазақстан халқының арман-аңсары мен мақсат-мүддесі кеңінен қамтылған жаңа Конституция жобасы республикалық референдумға шығарылады. Әр азамат өз таңдауын жасауға дайын болуы қажет.

"Алдағы жексенбіде қастерлі Отанымыздың егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау, аумақтық тұтастығын бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам жасаймыз". Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі

Жаңа Конституция "Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін" қағидатына негізделген және халық таңдауы арқылы түпкілікті бекітіледі.

"Конституцияға қатысты түпкілікті шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады. Бұған дейінгі саяси реформалар кезінде Сыр жұртшылығы береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп белсенділік танытқан болатын." Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Нұрлыбек бұған дейінгі саяси реформалар кезінде Сыр жұртшылығы береке-бірліктің, татулық пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

"Бұл жолы да жерлестеріміз жаңғырудың жаңа кезеңінің мәнін терең түсініп, өз көзқарасын білдіруде үлгілі жолды жалғастырады деп сенемін", – деді әкім.

Әкімнің пікірінше, азаматтардың бойындағы отаншылдық пен жауапкершілік – елдің жарқын болашағы, берік бірлігі мен мызғымас тұтастығының кепілі.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі