Абай облысында полицейлер боранды күні науқас баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті

Фото: unsplash
12 наурыз күні Абай облысында қатты боранға байланысты бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Көріну қашықтығы күрт төмендеп, қолайсыз ауа райы жол қозғалысын айтарлықтай қиындатты.

Оқиға Курчатов қаласында болған. Патрульдік полиция қызметкерлеріне баласының жағдайы кенеттен нашарлаған отбасы көмек сұрап жүгінген.

Ата-анасының айтуынша, балада соқыр ішекке күдік туындап, оған шұғыл медициналық көмек қажет болған. Көмекке патрульдік полиция қызметкерлері — аға инспектор Мират Мурзагелдинов пен Ануар Оразханұлы жедел жетті.

Жағдайдың шұғыл екенін түсінген полицейлер отбасы отырған көлікті патрульдік автокөлікпен сүйемелдеуді ұйымдастырды. Қатты боранға, көрінудің төмендігіне және жолдардағы шектеулерге қарамастан, тәртіп сақшылары облыс орталығына қауіпсіз әрі мүмкіндігінше жылдам жетуді қамтамасыз етті.

Полицейлер көлікті медициналық мекемеге дейін жеткізіп, баланы дәрігерлерге тапсырды. Олардың кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, қажетті шұғыл медициналық көмек алды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, олардың жеделдігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.

"Баламыздың жағдайы кенеттен нашарлаған кезде қатты абдырап қалдық. Жолдардың жабық болуы бізді одан сайын алаңдатты. Сол сәтте полиция қызметкерлері бірден көмекке келіп, бізді еш кедергісіз ауруханаға дейін жеткізді. Осындай қиын сәтте қолдау көрсеткен тәртіп сақшыларына алғысымыз шексіз. Олардың көмегінің арқасында баламыз дәрігерлерге дер кезінде жеткізілді", – деді ол.

Полиция қызметкерлері азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін, әсіресе адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларда жедел әрекет ететінін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін