Екі метрлік роботтар №459 дауыс беру учаскесінде, Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті орналасқан учаскеде пайда болды. Бұл бастаманы әсіресе балаларымен келген қала тұрғындары жоғары бағалады.
Сары – Бамблби, көк – Оптимус Прайм. Бұл кейіпкерлерді тіпті "Трансформерлер" әлемінен алыс адамдар да таниды. Роботтардың №459 учаскесінде таңертеңнен бастап көрінуі барша қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.
Қатысушылар дауыс беруден шыққан кезде роботтармен суретке түсті.
"Біз күйеуіммен тек жылдам дауыс беруге келдік, балаларсыз. Енді ойлап отырмын, қайта келіп, суретке түсіп, көңіл көтерген дұрыс. Референдумнан бөлек, бүгін мерекелік күндер де өтіп жатыр", – деді Орал қаласының тұрғыны.
Айта кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Батыс Қазақстан облысында жалпы 450 мыңнан астам азамат, 18 жасқа толғандар дауыс беруге құқылы.
Бұған дейін Қазақстанда референдум басталғаны және ашылған дауыс беру учаскелерінің саны туралы хабарланған болатын.