Аида Балаева: Еліміз әділ әрі прогрессивті Қазақстан құру жолында

Сурет: gov.kz
ҚР Премьер‑министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыс беру #129 сайлау учаскесінде өтті. Бұл учаске Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан.

Бүгінгі оқиғаның маңыздылығына тоқталған Аида Балаева жаңа Конституцияны қабылдау елдің одан әрі дамуы үшін маңызды кезең екенін атап өтті.

"Әр халық, әр ел өз дамуының жолын іздейді. Қазақстан да осыдан тыс қалған жоқ. Халықтық Конституцияны қабылдау әділ әрі прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған. Қазақтандықтар дұрыс таңдау жасайтынына сенемін", – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, мәдениет және ақпарат министрі референдум күні қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің жоғары екенін айтты. Оның сөзінше, таңертеңнен бастап халықтың белсенділігі елде ашық қоғамның қалыптасып келе жатқанын, саяси мәдениеттің өскенін және азаматтардың ел болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.

"Таңертеңнен бастап ақпараттық алаңды мониторинг жасап отырмыз және халықтың референдумға қатысуы өте белсенді екенін көріп, қуанып отырмын. Қазақстанда жоғары саяси мәдениеті бар, ашық қоғам қалыптасып, азаматтық жауапкершілік сезімі оянып отыр. Ешкім бейқам емес, бәрі елге саналы түрде жауапкершілікпен қарайды. Бұл – 2019 жылдан бері әділ әрі прогрессивті Қазақстан саясатын іске асырып келе жатқан Мемлекет басшысының саяси реформаларының нақты нәтижесі", – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, дауыс беру учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум
Референдум-2026
Балаева Аида

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

+41°C. Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды