Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: Zakon.kz
Референдум өткізілетін күні ақпараттық кеңістікте түрлі фейктер, манипуляциялар, арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін. Осыған байланысты Орталық Коммуникация қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы маңызды мәлімдеме жасады.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, мұндай ақпараттық шабуылдар көптеген елдерде сайлау және дауыс беру кезінде жиі тіркеледі.

"Олардың мақсаты — дауыс беру процесіне деген сенімсіздікті ояту және болып жатқан оқиғалар туралы теріс түсінік қалыптастыру". ОКҚ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Ең жиі кездесетін жалған мәліметтер мыналар туралы болуы мүмкін: жекелеген учаскелердің "жабылуы" немесе "ашылмауы"; сиясы өшіп қалатын қаламдар қолданылды, "бақылаушылардың жіберілмеуі" немесе "журналистердің шығарылуы"; "бюллетеньдердің жаппай тасталуы"; "азаматтарды дауыс беруге мәжбүрлеу" немесе "сайлаушыларды ұйымдасқан түрде тасымалдау"; "бюллетень толы қаптар", "алдын ала толтырылған жәшіктер" немесе "бос учаскелер"; "интернеттің бұғатталуы" немесе "электр қуатының өшірілуі".

Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеде кездесетін мынадай ақпараттық арандатулардың болуы ықтимал:

"Мұндай материалдарда көбінесе ескі бейнероликтер мен фотосуреттер, басқа елдердегі оқиғалар, түсірілген уақыты мен орны белгісіз үзінділер және анонимді аккаунттардың жазбалары пайдаланылады",- делінген ақпаратта.

Қазіргі технологиялар монтаж немесе өте "шынайы" көрінетін жасанды сурет, аудио және видео контент жасау мүмкіндігі де бар екенін есте сақтаңыз.

"Расталмаған ақпаратты таратпаңыз! Тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніңіз. Күмән тудыратын материалдарды байқасаңыз, Орталықтың чат-ботына (@AntiFakeCenterBot) жолдауыңызды сұраймыз. Сіздің қырағылығыңыз дауыс беру күні тыныш әрі сенімді жағдайды сақтауға көмектеседі".ОКҚ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум
Референдум-2026

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады