Алматыдағы Назарбаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бүгіннен бастап Назарбаев даңғылының әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде жолдағы құдық қақпақтарын көтеру жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 3 күн қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері қойылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деді басқарма өкілдері.

Бұған дейін хабарланғандай, Наурыз мерекесіне байланысты Алматыда қоғамдық көлік бағыттарының 10-ы уақытша өзгертіледі. 16 наурыздан бастап, сағат 03:00‑ден іс-шаралар аяқталғанға дейін, Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан проспектісіне дейінгі учаскесінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Тұрғындар мен қала қонақтары алдын ала маршруттарын жоспарлап, жол қозғалысына байланысты уақытты есептеулерін сұрайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді