Атырау облысында учаскелік полицей пәтерде кілттеніп қалған бүлдіршіндерді құтқарды

Фото: Zakon.kz
Атырау облысында учаскелік полицей пәтерде кілттеніп қалған бүлдіршіндерді құтқарды Хабарламада Қонаев көшесіндегі пәтерде 2 және 4 жасар балалардың үйде кілттеніп қалғаны және газ плитасының қосулы тұрғаны жөнінде айтылған.

Ақпаратты ала салысымен учаскелік инспектор дереу көрсетілген мекенжайға барды. Төтенше жағдайлар қызметінің келуін күтпестен, ол бесінші қабаттағы көршінің балконы арқылы пәтерге кірген.

Полиция қызметкері үй ішінде қалған екі баланың жағдайын тексеріп, олардың аман-есен екеніне көз жеткізіп, кейін пәтердің сыртқы есігін ашқан. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Балалардың анасы полиция қызметкерінің батыл әрі жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп, дер кезінде көрсетілген көмегі үшін алғыс айтты.

Полиция қызметкерінің кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеті ықтимал төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, балалар мен ата-анасына қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді