Атырауда ер адам әйелін өлтірді

Сурет: polisia.kz
2026 жылғы 16 наурызға қараған түні Атырауда қайғылы оқиға болды. Отбасылық жанжал салдарынан қаладағы мектеп-лицейлердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген 58 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелді 62 жастағы жұбайы жарақаттаған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабар полицияға шамамен сағат 03:30-да түскен. Ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал шығып, ол қайғылы жағдаймен аяқталған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

"Күдікті ұсталды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі