СҚО-да героин сатты деген күдікпен ер адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Петропавлда есірткі өткізумен айналысты деген күдікпен 39 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктіні полицейлер Жұмысшы кентінде ұстады. Оның тұрғылықты жерін тексеру барысында тәртіп сақшылары шамамен 75 грамм героин тәркіледі. Бұл мөлшер аса ірі көлемге жатады. Ер адамның айтуынша, героинді ол елордадан алып келген.

Медициналық куәландыру нәтижесі ұсталған адамның опиоидтарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Енді ұсталған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Бұл — жыл басынан бері облыста героин анықталған жалғыз дерек. Жалпы, қаңтар айынан бастап СҚО-да полицейлер 39 есірткі құқық бұзушылығын тіркеп, заңсыз айналымнан 1600 грамнан астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның 900 грамы – синтетикалық есірткі", - деп хабарлады полиция.
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін